6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖексенбінің кеші қазақстандық спортсүйер қауым үшін ерекше өтті. Ел құрамасы Еуро-2024 турнирінің іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландия командасын қабылдады. Кездесу елордадағы «Астана Арена» стадионында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
10 қыркүйек күні Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрама командалары арасындағы кездесуде «Астана Арена» стадионы лық толып, 30 мыңға жуық билет толығымен сатылып кетті.
Жанкүйерлердің белсенділігі ғана емес, олардың ауызбіршілігі де жұртты сүйсіндірді. Өйткені, матч аяқталғаннан кейін олар асығыс шығып кетудің орнына айналасын қоқыстан тазартты. Тазалық акциясына «Астана жастары» КММ еріктілерімен қатар жанашыр жанкүйерлер де атсалысты.
Аталған ойыннан кейін, Қазақстан ұлттық құрамасының жанкүйерлері, әрі еріктілер тобы алаңдағы қоқыстарды тазартып шықты.
«Тазалық тек Жапондықтарға тән емес!»,- деді жанкүйерлер. Олар осы арқылы жұрт назарын аударып, сүйікті қаламызда тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырғысы келді. Себебі қаламыздың құлпыруы әрқайсымыздың қолымызда, - делінген әкімдік ақпаратында.
Игілігі мол бұл бастаманы танымал блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушылары байқап, назарларынан тыс қалдырмады. Олар еріктілердің стадионды тазартып жүргені туралы парақшаларында оқиға орнынан кадрлар жариялап, игі істің насихатталуына ықпал етті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі