Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАлматы облысында өткен «Қымызмұрындық – 2026» этнофестивалі мәресіне жетіп, шарадан кейін «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Қарқара жайлауында тазарту жұмыстары жүргізілуде. Алдағы күндері де бұл жұмыстар жалғасатын болады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Коммуналдық қызмет мамандары мен еріктілер қоқыстарды жедел жинап, алаңды ретке келтіруде. Соның нәтижесінде аумақтың тазалығы сақталып, қоршаған ортаны қорғау талаптары қамтамасыз етілді. Тұрмыстық қалдықтар мен пластик бөтелкелер арнайы техникамен шығарылып жатыр.
Бұл ауқымды мәдени жобаларды табиғатқа жанашырлықпен қарап, экологиялық жауапкершілікті сақтаумен ұштастыруға болатынын көрсетті. Осылайша, «Қымызмұрындық – 2026» фестивалі көпшілікке жарқын әсер мен ұмытылмас естеліктер ғана сыйлап қойған жоқ. Сонымен қатар ұлттық мұраны құрметтеу табиғатқа қамқорлықтан басталатынын айқын көрсетті. «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңыздылығына көпшіліктің тағы бір мәрте көзін жеткізді.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс