Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыАстанадағы Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде әскери қызметкерлер арасында қазақ күресінен алғашқы Cism әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Іс-шара қонақтарының арасында – алып қуыршақ Тазабек те бар. Ол қала тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырып, экологиялық акцияны насихаттап жүр.
«Таза Қазақстан» акциясының символына айналған Тазабек спорттық додада нағыз жұлдыз болды – астаналықтар оны құшақтап, суретке түсіп, бастаманы ерекше ықыласпен қолдады.
Пәкістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Тунис, Ресей, Италия, Түркия, Марокко, Молдова, Үндістан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Бразилия, Тайланд, Өзбекстан, Тәжікстан, Камерун, Гана, Эфиопия, Венесуэла және Иран елдерінен келген қонақтар да Тазабекті ыстық ықыласпен қарсы алды.
Экологиялық кейіпкер бұған дейін де Астанада өткен ірі жиындарға белсене қатысқан. Тазабектің басты мақсаты – қоғамдық орындарда тазалықты сақтау және экоакцияны кеңінен насихаттау.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді