30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыШығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және елді мекендерді абаттандыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда.
Акция аясында Журавлиха өзенінің жағалауында аумақты тазарту және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Экологиялық бастамаға 150 адам қатысып, жағалау аумағын, демалыс орындарын және оған іргелес аумақтарды тазартты. Жұмыстарға 3 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде шамамен 3 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.
Іс-шараның алдында «Таза Қазақстан» идеологиясы аясында ақпараттық кездесу өтті. Корытко Ольга Александровна мен Құстаева Айнагүл Төлеутайқызы қатысушыларға экологиялық бастаманың маңызы, табиғатқа ұқыпты қарау және қоршаған ортаның тазалығын сақтаудағы әр адамның жауапкершілігі туралы айтып берді.
Табиғаты көркем, экологиялық әлеуеті жоғары Шығыс Қазақстан облысы үшін қоршаған ортаны қорғау мәселесі ерекше маңызға ие. Сондықтан мұндай акциялар тек белгілі бір аумақты тазартумен шектелмей, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және туған өлкені аялауға деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
«Таза Қазақстан» – ортақ мақсатқа біріктіретін маңызды бастама. Таза аула, таза көше, таза жағалау – барлығы әр адамның күнделікті әрекетінен басталады.
Журавлиха өзенінің жағалауындағы акция тағы бір мәрте бірлескен еңбектің нақты нәтижеге жеткізетінін көрсетті. Тұрғындардың белсенділігі мен табиғатқа деген жанашырлығы қоршаған ортаны таза әрі жайлы етуге мүмкіндік береді.
Таза әрі көрікті Шығыс Қазақстан – баршамызға ортақ жауапкершілік!
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды