2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚазақстанда табиғи ресурстарды сақтау және ішкі су айдындарының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған «Таза су айдындары» атты ауқымды экологиялық акция аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шара барысында су айдындарынан және олардың жағалау аймақтарынан 60 мың тонна қоқыс пен иесіз балық аулау торлары жиналып, жойылды.
Акция қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында өткізілді. Негізгі мақсат - су экожүйелерінің тазалығын сақтау, биоресурстардың тұрақтылығын қамтамасыз ету және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру.
Экологиялық шараға экология департаменттерінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, студенттер, еріктілер және қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.
Бекітілген кестеге сәйкес, акцияға Тобыл-Торғай, Есіл, Нұра-Сарысу, Зайсан-Ертіс, Жайық-Каспий, Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл және Шу-Талас аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары қатысты. Жалпы алғанда, акцияға 1100-ден астам адам, 170 техника бірлігі, соның ішінде 59 су көлігі жұмылдырылды.
Жағалау сызығының ондаған шақырымы тазартылды.
Мұндай шараларды өткізу су сапасын жақсартуға, су айдындарының табиғи флорасы мен фаунасын қалпына келтіруге, сондай-ақ азаматтардың табиғатқа жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова