Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Қаратал өзенінің жағалауында «Taza Ozen» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қалдықтарды дұрыс сұрыптау мен кәдеге жарату мәдениетін дамыту, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау және тұрғындардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру.
Акцияға жастар, еріктілер және қала тұрғындары белсенді қатысып, Қаратал өзенінің жағалауындағы белгіленген аумақтарды қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар табиғи аумақтың тазалығын сақтаудың маңыздылығына назар аударып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың үлгісін көрсетті.
Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Бүгін біз өзен жағалауын қоқыстан тазартып қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлесімізді қосып отырмыз. Әр адам қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарап, қоқысты дұрыс сұрыптауды күнделікті әдетке айналдырса, табиғатымыз да таза болады деп ойлаймын, - деді «Қазақстан студенттерінің альянсы» Жетісу облысы бойынша омбудсмені А. Қызайбай.
Іс-шара барысында қатысушыларға қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және дұрыс кәдеге жарату жөнінде ақпарат беріліп, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану қажеттігі түсіндірілді.
Акцияның қорытынды бөлімінде экологиялық бағыттағы квест ұйымдастырылды. Қатысушылардан құралған командалар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қалдықтарды сұрыптау тақырыптарындағы тапсырмаларды орындады. Нәтижесінде үздік командалар анықталып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Акция барысында «Таза Жетісу – таза болашақ» қағидаты кеңінен насихатталып, жастардың, еріктілердің және қала тұрғындарының экологиялық белсенділігін арттыруға басымдық берілді.
Іс-шара нәтижесінде Қаратал өзенінің жағалауындағы аумақ қоқыстан тазартылып, қатысушыларға табиғатты аялау мен қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Мұндай экологиялық бастамалар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғау ісіне қоғамның белсенді қатысуына ықпал етеді.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды