2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Жетісу облысындағы Панфилов ауданында «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер мұражайының маңайы абаттандырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сонымен қатар туристік нысан айналасындағы көшелерді жаңғырту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Аудан әкімдігінің мәліметінше, Жаркент қаласында абаттандыру бағытында 3 жоба іске асырылуда.
Біз ең алдымен «Жаркент мешіті» туристік нысанының маңын көркейттік. Бұл - Юлдашев көшесінің Масанчи және Гапаров көшелері аралығындағы бөлігі. Онда брусчатка төселді, орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылды, жарықтандыру жүргізілді, 30-ға жуық ағаш, гүлзар мен көгал егілді. Осындай абаттандыру жұмыстары Головацкий көшесінің Жібек жолы-Масанчи аралығындағы бөлігінде де басталды. Бұған дейін 2023 жылы қоғамдық тыңдалым кезінде тұрғындар «Арбат» типіндегі серуен алаңын жасау туралы ұсыныс айтқан болатын. Соған сәйкес қаланың Бас жоспарына өзгерістер енгізіп, жоспар әзірледік. Қазір «Арбаттың» құрылысы басталды. Шатырлар, орындықтар орнатылып, шағын архитектуралық формалар қойылып, көпшілік серуендейтін әдемі демалыс орнына айналады, - деді Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Дидар Ешенов.
Оның айтуынша, Жібек жолы даңғылының шығыс бөлігі де абаттандырылмақ. Аталған үш жоба аясында 500-дей ағаш егіліп, автоматты суару желісі орнатылады. Көшелердің жалпы көлемі 20,7 мың шаршы метр болатын учаскесі абаттандырылады.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова