6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласында көптеген ауқымды жұмыс атқарылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, Тұран ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 35-ке жуық сенбілік ұйымдастырылып, оған 5 мемлекеттік мекеме мен 70-ке жуық кәсіпкерлік нысан, сондай-ақ 15 мыңнан астам тұрғын қатысқан. Бұл шараларда 60-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, 3000-ға жуық жасыл желек, ағаш көшеті егілді. Аудан аумағында 400-ге жуық ішкі орам, магистраль көшелер тазартылды.
Табиғатты аялауға арналған бұл бастамаларға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және кәсіпкерлік саласының өкілдері белсенді түрде атсалысты. Қоғам болып атқарылған бұл іс-шаралар қала тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, таза әрі жайлы өмір сүруге деген ұмтылысын айқын көрсетіп келеді, - делінген мәліметте.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі