Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы және Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығы аясында орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының бастамасымен елорданың «Достық» аллеясында сенбілік ұйымдастырылып, шырша отырғызылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Экоакцияға Мәжіліс депутаты, қауымдастық төрағасы Сергей Пономарев бастаған өзге де ұйым өкілдері, елордалық этномәдени бірлестіктер мен ассамблеяның қоғамдық құрылымдары қатысты.
Қатысушылар «Достық» аллеясында бірнеше жас шырша отырғызды.
Бүгінгі кездесудің «Достық» аллеясында, Достық үйінің маңында өтуі өте символдық мәнге ие. Орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы Мемлекет басшысы бастаған «Таза Қазақстан» акциясын толық қолдайды. Бүгін біз – түрлі этностар мен ұрпақтардың өкілдері осында бірге еңбек етіп жатырмыз. Балаларымыз алдағы уақытта қоқыс тастамайды және өзгелерге де ондайға жол бермейді деп сенемін. Кейбіреулер: «Бұл бос әурешілік, бәрібір ластай береді» дейді. Ал мен керісінше, көпшіліктің тазалыққа деген көзқарасы өзгереді деп сенемін. Сондықтан бүгінгі еңбегіміз зая кетпейді, – деді Сергей Пономарев.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік