Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліТөтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында мемлекет басшысының бастамасы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жас қылқан жапырақты ағаштарды отырғызды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, іс-шара Теміртау қаласында ТЖД жаңа әмбебап бөлімшесінің аумағында өтті. Қарағай көшеттерін отырғызуға облыстың төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы да қатысты.
Әрбір отырғызылған ағаш-болашаққа қосқан үлесіміз. Мұндай бастамалар экологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі және ұжымды біріктіретін, командалық рух пен ортақ жұмысқа деген мақтаныш сезімін дамытатын кеңістік жасайды, - деп ведомство басшысы атап өтті.
Осы маусымда абаттандыру акциясын өз объектілерінің аумақтарын көгалдандырумен және абаттандырумен белсенді айналысып жатқан Қазақстан ТЖМ барлық аумақтық бөлімшелері қолдады.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс