20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрінісАстанада «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі өтті. Ел президенті акцияға белсене қатысып, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруда күш жұмсаған бір топ жасты марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде еліміздің басты мәселелерінің бірі — қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жағдайды жақсарту. Осы мақсатта Қазақстанда жыл сайын «Таза Қазақстан» атты жалпыреспубликалық экологиялық акциясы өткізіліп келеді. Бұл акция — табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға, азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара. «Таза Қазақстан» акциясын ұйымдастыру мен атқаруда жастардың қосқан үлесі зор. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сол жастарды Астана төріне жинап, арнайы марапаттады.
«Таза Қазақстан» акциясы президенттің бастамасымен басталған еді. Сол жұмыстарды жалғастырып келеміз. Бүгін ел президентінің өзінің қатысуымен марапаттау салтанатына келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтің қолынан акцияға қосқан үлесім үшін алғыс хат алдым. Президенттің өзі біздің жасап жатқан еңбегімізді ерен деп бағалағаны жүрегімізге жетті. Бұл күшпен біз өз өңірімізге барып, осы акцияның одан сайын жақсы әрі ауқымды өтуіне барымызды саламыз, – деді Жезқазған қаласы жастар ресурстық орталығының директоры Сәкен Қайратов.
«Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобалардың да көрмесі ұйымдастырылды.
Фото авторы: Артем Чурсинов
20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?