Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыАстанада «Таза Қазақстан» онлайн-платформасы арқылы тұрғындардан өтінім қабылдау қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әкімдіктегілер әрбір қала тұрғыны «Таза Қазақстан» платформасында абаттандыруға қатысты өз мәселесін жеткізе алатынын атап өтті. Жүйе іске қосылғалы бері 2822 өтінім түсіп, оның 2503-і орындалған. Қалғаны қаралу үстінде.
Өтінімдердің негізгі бөлігі аумақтарды абаттандыру, жарықтандыру, жолдарды жөндеу, көгалдандыру және рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою мәселелеріне қатысты. Барлық ұсыныс дер кезінде қаралып, тұрғындарға қолайсыздықты азайтуға мүмкіндік беріп отыр,-делінген әкімдік мәліметінде.
Айта кетсек, «Таза Қазақстан» порталының басты артықшылығы – тұрғындармен жедел әрі ашық байланыс орнату. Қала тұрғындарымен белсенді байланыс орнатылып, олардың ұсыныс-пікірлері ескеріледі.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді