Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАқтауда «Қаражанбасмұнай» АҚ орталық кеңсе қызметкерлері республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Каспий теңізі жағасындағы демалыс базасының аумағын күл-қоқыстан тазалады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сенбілікке компанияның құрылымдық бөлімшелерінен 20-дан астам жұмысшы қатысқан.
Мұнайшылар белгіленген аумақта демалушылардан қалған пластикалық бөтелкелерді, полителен пакеттерін және өзге де тұрмыстық қалдықтарды толықтай тазартып, 8 қап қоқыс жинады. Бірлескен іске ұйымшылдықпен атсалысқан ұжым еңбегі қоршаған ортаны қорғаудың маңызын айқын көрсетті.
«Таза Қазақстан» экоакциясы еліміздің барлық өңірінде кең көлемде өткізіліп келеді. Бұған дейін ҚБМ жұмысшылары кен орны мен облысымыздың тарихи-мәдени орындарында сенбілік жасаған еді. Игі бастаманы қолдауға қашан да дайын мұнайшылар теңіз жағасында демалушыларды тазалық сақтауға шақырды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс