12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Шараға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ардагерлер, мемлекеттік және салалық мекемелердің қызметкерлері, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты.
Облыс бойынша өткен сенбілікке шамамен 10 мың адам қатысып, 67 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде өңір аумағынан 190 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, сенбілік аясында өңірдің экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 5200 жасыл желек егілді. Атап айтқанда, шаған(ясень), үйеңкі(клён) және акация ағаштарының көшеттері егілді.
Айта кетейік, тазалық шарасы ерекше форматта ұйымдастырылды. Достық үйінің жанында арнайы тігілген ағаш үйлерде қатысушыларға ыстық шай мен ас ұсынылды. Сенбілік соңында жергілікті өнерпаздардың қатысуымен шағын мерекелік концерт өтті.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер