Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліМемлекет басшысының бастамасымен ел аумағында бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 1 тамыз күні Маңғыстау спортшылары теңіз жағалауын қоқыстан тазалады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Экологиялық науқан аясында 25 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Экологиялық іс-шараға 37 спорт мекемесінен 450 спортшы қатысты. Қатысушыларға қалалық әкімдік тарапынан қажетті құрал-жабдықтар берілді.
Өңір спортшылары тазалық жұмыстарын жиі жүргізеді. Бүгін 25 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыру жоспарда бар, - деді Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қанат Мангубаев.
Тазалық науқанына қатысқан еркін күрестен Азия чемпионы Маис Алиев барша өңір тұрғындарын теңіз жағалауын ғана емес, қаламызды да таза ұстауға шақырды.
Біз бұған дейін де спортшылармен, жаттықтырушылармен бірге тазалық жұмыстарын жүргізгенбіз. Менің ойымша, тазалық әр адамның өзінен басталады. Ақтау - біздің ортақ үйіміз. Барша өңір тұрғындарын теңіз жағалауын ғана емес, қаламызды да таза ұстауға шақырамын, - деді Маис Алиев.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс