Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАқтауда теңіз жағалауы аумағындағы қоқыс үйінділері тазартылып, бірнеше тонна қоқыс жиналды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жұмыстарға 30-дан астам қызметкер, 5 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 15 тонна қоқыс шығарылды.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан қоқыстарын теңіз жағалауында тастамауын сұраймыз. Қоқыс - табиғатқа зиян келтіріп, жағалаудың сәнін бұзуда. Теңіз - баршаға ортақ. Оны бірге таза ұстайық, – деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы Жантілек Асхатов.
Бұған дейін Каспий теңізінің деңгейі қазіргі таңда бақылау жүргізілген бүкіл кезең ішіндегі ең төменгі көрсеткішке дейін түсіп кеткені айтылған болатын.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс