Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады«Таза Қазақстан» кең ауқымды экологиялық акциясы аясында еріктілер елорданың Байқоңыр ауданында тұратын қарттардың үйінің ауласын қардан тазартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараны Байқоңыр ауданының әкімдігі мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында ұйымдастырушылар қарт тұрғындарға жаңа жылға арналған азық-түлік себетін табыс етті.
«Бұл дәстүрлі жыл сайынғы іс-шара. Біз осындай қайырымдылық шараға қатысып, өз үлесімізді қосқанымызға қуанамыз», – деп атап өтті «Астана жастары» еріктісі Данияр Сүлейменов.
Айта кетейік, «Астана жастары» белсенділері қаланы тәулік бойы қардан тазартатын коммуналдық қызмет мамандарына да көмектесіп жүр. Елорда үшін маңызды жұмысы кезінде еріктілер тұрақты негізде ыстық шай мен бауырсақ тарату акцияларын өткізеді.
Қыс мезгілінде елорданың барлық ауданында жалғыз тұратын қарттар мен көп балалы аналардың жеке үйлерінің аулаларында қар тазалау бойынша акциялар өткізіледі.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді