7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Астана қаласы әкімдігінің №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Аспан» спорт кешенінің ауласында алма ағаштарын суарып, табиғатты қорғауға үлес қосты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, жазғы оқу-жаттығу лагеріне қатысып жатқан қазақ күресі бөлімінің спортшылары бапкерлерінің жетекшілігімен алма ағаштарына ұқыпты күтім жасап, жасыл желектерді аялап, қамқорлық көрсетті. Бұл шара қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға, табиғатты таза әрі жасыл күйінде сақтауға бағытталған игі бастама екенін бапкерлер атап өтті.
Қазақ күресінің спортшылары осы апта бойы «Аспан» спорт кешенінде жазғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бүгін біз жаттығу залынан бөлек, тәрбиелік жұмыстар аясында спортшыларымызға қоршаған ортаны қорғау мен жасыл желекті сақтау баршамыздың ортақ міндетіміз екенін түсіндіріп, алма ағаштарын суардық. Жас спортшыларды кішкентай кезінен бастап табиғатты аялауға тәрбиелеу аса маңызды, — деді қазақ күресінің бапкері Тілеген Көбейсін.
Айта кетейік, бүгінде «Аспан» спорт кешенінде жазғы оқу-жаттығу лагері қызу жүріп жатыр. Аталған лагерьге Астана қаласы әкімдігінің №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері бекітілген кесте бойынша қатысып, өз спорт түрлерінен дайындықтарын жалғастыруда. Қазіргі уақытта бұл спорт кешенінде 2379 тәрбиеленуші жаттығады.
Мұнда спортшылар қазақ күресінен бөлек футбол, волейбол, тренажер залында шынығу сияқты оқу-жаттығу жиындарынан өтеді. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек және тәрбиелік бағыттағы дәрістер де ұйымдастырылған.
Бұған дейін аталған акцияға елордалық жас спортшылар қатысты.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?