30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада «Таза Қазақстан» науқанын қолдау мақсатында «Тұрсын-Астана 2» ТК үйінің тұрғындары сенбілік өткізіп, үйдің аумағын қар мен қоқыстан тазартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталмыш тұрғын үй кешенінде 60-тан астам көрші жұмыс құралдарын алып, аулаға шықты. Үйдің кішкентай тұрғындары да шетте қалмады. Бүлдіршіндер ойыншық қалақшаларын көтеріп, жұртқа көмектесті. Ер азаматтарға ыстық шай, бауырсақтар мен тәттілер ұйымдастырған әйелдер қауымы да қолдау білдірді. Сарайшық ауданы әкімдігінің қызметкерлері атап өткендей, көптеген үйлерге үлгі бола алатын тату көршілік қарым-қатынастар осындай болса керек.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке шықтық. Бұл үйіміздің береке мен бірлігін, ауызбіршілігін, жақсылығын танытады», - дейді тазалық акциясына қатысқан қала тұрғындарының бірі.
Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр. Экоакция аясында қалада нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды