2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстанада республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен «Үздік аула» байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Қаладағы әр аудан бойынша ең үлгілі аулалар таңдалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Байқауды елордалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы аудан әкімдіктерімен бірлесіп, тәуелсіз демеушілердің қолдауымен ұйымдастырған. Мұндағы мақсат – аулаларының тазалығы мен абаттандырылуына үлес қосып жүрген белсенді тұрғындарды ынталандыру және қала ортасына жауапкершілікпен қарауды дәріптеу болып отыр.
Марапаттау рәсімінде жеңімпаздарға алғыс хаттар, шаруашылыққа қажетті материалдар алуға арналған ақшалай сертификаттар, сондай-ақ кәсіпкерлер сыйға тартқан мобильді телефондар табысталды. Елордада үздік деп танылған МИБ мен ПИК төрағалары да марапаттан тыс қалмады.
Әр аудан бойынша жеңімпаздар төмендегідей:
Есіл ауданы – Достық көшесі, 5/2, МИБ «Северное сияние»
Сарыарқа ауданы – Бөгенбай батыр даңғылы, 34, ПИК (К) «Бриз»
Сарайшык ауданы – Қалдаяқов көшесі, 23А, МИБ «Қалдаяқов, 23А»
Алматы ауданы – Іле көшесі, 30/2, «Ависа Сервис» ЖШС
Нұра ауданы – Нәрікбаев көшесі, 22, ОСИ «Копенгаген»
Байқоңыр ауданы – Рамазан көшесі, 33, «Юбилейный 2009» МИБ
«Копенгаген» тұрғын үй кешенінің төрайымы Алма Сәлімбаева бұл жетістікке жылдар бойы жүйелі еңбектің арқасында қол жеткізілгенін атап өтті:
Біз бес жыл бойы ауланы жақсартуға күш салып келдік. Бүгінде еңбегіміздің нәтижесін көрудеміз – ауламызда көптен бері армандаған сквердің құрылысы басталды. Жасыл желек отырғыздық, тәртіпті қадағаладық, сапалы сервистік компаниямен жұмыс істедік. Бәрін тұрғындарымыз үшін жасадық. Жеңімпаздарды бірнеше ай бойы қадағалап, тексеріп барып таңдады. Сондықтан біздің ауланың үздік танылуы – әділ шешім. Ортақ еңбегімізбен жеткен жетістікке мақтанамыз, - деді ол.
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Мәлік байқаудың мән-маңызына тоқталып өтті.
«Үздік аула» байқауы – қала ортасын жақсарту және тұрғындарды ауданның дамуына тарту бағытындағы үлкен жұмыстың бір бөлігі. Мұндай бастамалар тек абаттандыруды ғана емес, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етеді. Бұл жобаны келесі жылы да жалғастыруды жоспарлап отырмыз, - деді ол.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова