Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАуқымды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Астанада балаларды, ата-аналарды және еріктілерді экологиялық ойлау мен технологиялық кәсіпкерлік идеяларының айналасына біріктірген ерекше экоквест ұйымдастырылды. Бұл туралы қалалық әкімдікке сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Іс-шараның басты кейіпкерлері – балалар. Олар тек ойынға қатысып қана қоймай, экоинженерлер сияқты ойлануға, экологиялық мәселелерді шешуге және өз идеяларын ұсынуға машықтанды.
Қатысушылар Зара, Мо және Т9 есімді кейіпкерлермен бірге квесттен өтуі қажет. Әр кезең баланың сыни, креативті және экологиялық ойлауын дамытуға бағытталған.
Бүгінде балалар сұрыптау жүйесін және тұрақты дамудың негізгі ұстанымдарын тереңірек түсіне бастады. Бізде арнайы термин бар – экотехноойлау.
Бұл – экологияны, технологияны және психологияны біріктірген авторлық ұғым. Мақсатымыз – өз экожобаларын жасап, іске асырудан қорықпайтын жаңа буынды тәрбиелеу, – деді Global Green Hub негізін қалаушы Әсел Сейфуллина.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар алдарына биік мақсат қойып отыр: кеңінен ойлай алатын, дәл әрекет ете білетін, елін жақсы жаққа өзгертетін саналы жаңа буынды тәрбиелеу.
Іс-шараға қатысқан кішкентай Дәулет пен Алина болашаққа сеніммен қарайды.
Менің жасым бесте. Экоробототехника курсына барамын. Маған жобалау ұнайды, энергия көздері туралы білемін. Өскенде экоинженер боламын, – деді Дәулет.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мемлекет қолдауының, ата-аналар мен балалардың азаматтық белсенділігінің арқасында Қазақстан экологиялық ойлауды дамытуда көшбасшы елге айнала алады.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова