Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБиыл маусымда 2025 жылғы маусым айында республикасы бойынша Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Экологтар күніне орай және «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында ауқымды республикалық экологиялық акциялар басталды. Іс-шаралардың мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, көпшілікті қоршаған ортаны қорғауға шақыру, табиғатты сақтау, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы үш маңызды экологиялық бастама жүзеге асады. Соның бірі – «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы. Іс-шара еліміздің барлық өңірлерінде қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен үш кезең бойынша өтеді. 5-15 маусым күндері туристік және тарихи-мәдени нысандарды мониторингтеу, 16-25 маусымда көгалдандыру, суару және бейберекет қоқыс орындарына қоғамдық бақылау, 26 маусым-5 шілде аралығында жер қойнауын пайдалану саласын бақылау шаралары жоспарланған.
«10 экологиялық әдет» атты екінші бастама – күнделікті өмірде оңай қолдануға болатын экологиялық дағдыларды насихаттауға бағытталған. Қатысушылар әлеуметтік желілер арқылы өз мысалдарын бөлісіп, халықты, әсіресе жастарды, экосана мен тұрақты өмір салтына баулуға шақырады, - делінген мәліметте.
Маңызды іс-шаралардың бірі – «Таза жағалау» атты республикалық эко-марафоны.
Марафон 5-10 маусым аралығында өтеді. Іс-шараның мақсаты – өзен-көл жағалауларын тұрмыстық және өндірістік қалдықтардан тазартуға бағытталған. Марафон аясында қоқыс жинау бойынша акциялар, қалдықтарды сұрыптап жинау шаралары, жастарға арналған экологиялық викториналар, бизнес өкілдерінің қатысуымен экокүндер, шеберлік сабақтары мен флешмобтар, отбасылық шаралар, сонымен қатар ауылдық жерлерде де арнайы акциялар өткізіледі. Марафон соңында белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталады. Бүгінде марафон аясында еліміз бойынша 80-нен астам іс-шара өткізілді.
Аталған бастамалар – 2024 жылғы жемісті жұмыстың жалғасы. Марафон нәтижелері мен үздік экологиялық бастамалар туралы ақпарат әлеуметтік желілерде #ТазаЖағалау2025 және #TazaQazaqstan хэштегтері бойынша жарияланады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?