Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліМемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» 6,5 млн-ға жуық адамның қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл мәлімет экологиялық акцияны іске асыру барысы қаралған Үкімет отырысында айтылды.
Акцияны өткізу кезеңінде ауқымды жобаға қатысушылар 1,1 млн тоннадан астам қоқыс жинады, шамамен 1,6 млн жасыл желек отырғызылды. Сонымен қатар өңірлерде аумақтар мен аулаларды жинау бойынша ірі науқан өткізілді, тарихи-мәдени ескерткіштер ретке келтіріліп, ардагерлерге ауласын абаттандыру және жинау бойынша көмек көрсетілді, өзендер мен су айдындары қоқыстан тазартылды.
Азаматтарды елді мекендер мен экология мәселелерін шешуге тарту мақсатында ыңғайлы @TazaQazBot телеграмм-чат-боты арқылы өтінім беру қызметі іске қосылды.
Бүгінгі таңда 10 мыңнан астам өтінім келіп түсіп, 9,7 мыңға жуық өтініш орындалды. Тұрғындар көбінесе аумақтарды жинау, көшелерді абаттандыру, қоқыстарды шығару және жолдарды жөндеу туралы сұрайды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс