Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыАлматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластикалық қақпақтарды жинау акциясының алғашқы маусымы аяқталды. Қаладағы 200-ден астам мектеп пен балабақша бірігіп, 1,26 миллионнан астам қақпақ жинады. Жетісу, Алмалы және Әуезов аудандары көш бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
21 желтоқсанда «Молл Апорт East» сауда орталығында акцияға қатысушыларды марапаттау, эко-жәрмеңке мен қалдықтарды қайта өңдеу бойынша шеберлік дәрістері ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, ерекше балалар эко-жаттықтырушылардың жетекшілігімен қайта өңделген материалдардан мерекелік ойыншықтар жасады. Бұл бұйымдарды ірі компаниялар сатып алып, экологиялық бастаманы қолдады.
Қақпақтарды жинау акциясымен қатар мүсінші Талғат Жұмағұл қайта өңделген пластиктен бірегей жаңа жылдық шырша жасады. Бұл туынды экологиялық мәселелерді шешуге деген үміттің символына айналып, қаланы Жаңа жыл қарсаңында сәндендірді.
Ұйымдастырушылар акцияны тұрақты шара етіп, қала тұрғындарының экологияға деген жауапкершілік әдетін қалыптастыруды жалғастыруды жоспарлап отыр.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді