Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрОрталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасының іске асырылу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мансұр Ошурбаевтың айтуынша, бұл бастама жай ғана жоспарлар жиынтығы емес, ел азаматтарының табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, экологиялық проблемаларды шешуге ортақ жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Бұл тұжырымдама тек ұсыныстар немесе жоспарлар жиынтығы ғана емес, бұл – біздің табиғатқа деген көзқарасымызды қалыптастыратын және өзекті экологиялық мәселелерді бірлесіп шешуді үйрететін негіз, – деді вице-министр.
2024 жылдың басынан бері елімізде «Таза Қазақстан» аясында 874 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде республикалық деңгейдегі «Таза кәсіпкер -таза аймақ», «Киелі мекен», «Таза өлке», «Мөлдір бұлақ» сынды экологиялық акциялар мен «Жер сағаты», «Халықаралық құстар күні» сияқты халықаралық бастамалар қамтылды.
Іс-шаралардың нәтижесінде 1 млн 414 мың тонна қалдық жиналды, тек елді мекендерде 2 млн 400 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Акцияға қатысушылардың жалпы саны шамамен 9 млн адамды құрады, оның ішінде 448 мың ерікті белсенділік танытты.
Бүгінде экология мәселелерін шешуге тұрғындар Telegram @TazaQazBot арқылы да қатыса алады. Оның жұмысы басталғаннан бері 22 мың өтінім келіп түсті, оның 21 мыңнан астамы жүзеге асса, ал 242-сі әлі орындалуда. Бот арқылы 2025 жылдың өзінде 12 мыңнан астам өтінім түсіп, оның 11 мыңы орындалды.
Тұрғындар көбінесе аумақтарды тазалау, қоқыс шығару, көшелер мен жаяу жүргінші жолдарын абаттандыру мәселелерін көтерген.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова