Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Астана қаласының жастар арасында стритболдан турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Турнирге 16-25 жас аралығындағы белсенді жастардан құралған 5 команда жүлдені сарапқа салған болатын.
Стритбол – жастар арасында кең танымал, заманауи әрі қолжетімді спорт түрі. Бұл ойынды ұйымдастыру оңай. Ал ашық алаңда өткізілуі қатысушыларға еркіндік пен серпін береді. Стритбол жастардың физикалық дамуына ғана емес, сонымен қатар командалық рухты, көшбасшылық қабілетті және әділ бәсекелестікті қалыптастыруға ықпал етеді, - деді жарыс ұйымдастырушысы Қазбек Алмаз.
Жүлдегерлер Байқоңыр ауданы әкімдігінің және Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қолдауымен дипломдар, медаль және бағалы сыйлықтары табысталды.
Аудан аумағында мұндай спорт іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Әсіресе, «Жастар Рухы» жастар қанатының қолдауымен жыл сайын бірнеше спорттық және әлеуметтік турнир ұйымдастырылады. Аталған іс-шаралар бұқаралық спортты дамытуға, жастар белсенділігін арттыруға, сондай-ақ «Таза Қазақстан» секілді бастамаларды жүзеге асыруға үлкен үлес қосады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады