23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Астанада жаппай велошеру өтті. Оған елорда тұрғындары мен қонақтарынан құралған 500-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұл велошерудің мақсаты – қоғам назарын табиғатты қорғау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелеріне аудару болды. Шеруді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.
Қатысушылар айналма веложолдан Қосшы қаласын бетке алып, «Үркер» (Ильинка) тұрғын алабындағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетті. Олар жалпы 25 шақырымдық қашықтықты еңсерді.
Мәреге жеткеннен кейін қатысушылар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдап, аумақты қоқыстан тазартуға атсалысты.
Бұл жарыс емес – мұнда бастысы жеңіс емес, қатысу, азаматтардың белсенділігі мен табиғатқа деген жанашырлығы. Қуантатыны – көпшілік үн қатып, мәреден кейін бірден тарамай, аумақты ретке келтіруге көмектесті, – деді Астана қаласы спорттық-бұқаралық іс-шаралар дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.
Велошерудің ең жас қатысушысы – 7 жастағы Әли болды. Ол бұл шараға әкесімен бірге келді.
Велошеруге әкеммен бірге келдім. Ол мұндай шараларға жиі қатысады және мені үнемі ертіп жүреді. Біз жиі бірге тебеміз – бұл біздің сүйікті ісіміз! Бүгінгі маршрут өте керемет болды, мен шаршаған жоқпын. Мұнда келгеніме қуанып отырмын, бәрі көңілді өтті, велосипед мінген адамдар өте көп болды! – деді Әли.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік