22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАстанада республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдау мақсатында және Stop Musor жобасы аясында Қарасу өзенінің жағалауында сенбілік өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала әкімдігі атап өткендей, Stop Musor жобасы 2020 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Оның мақсаты — халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру, жауаптылық пен қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қалалардағы қоқыс деңгейін азайту.
Экосенбілік республикалық «Таза Қазақстан» акциясын қолдау үшін ұйымдастырылып, еліміздің Конституциясының 30 жылдығына арналды. Шараны ұйымдастырушылар – «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, Астана қаласының әкімдігі және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы. Негізгі мақсат – тек Қарасу өзені маңын қоқыстан тазарту ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары арасында табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру.
Бүгінгі сенбілік ұлттық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп, Конституцияның 30 жылдығына арналды. Экологиялық саналы көзқарас қарапайым қадамдардан басталады – қалдықтарды сұрыптау, сенбіліктерге қатысу. Бүгін Астана жастары осы жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін көрсетті. Біз үшін мұндай шаралар бір реттік емес, дәстүрге айналып, қоршаған ортаға қамқорлық мәдениетін қалыптастырғаны маңызды, – деді Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл Соловьева.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев