Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАстанада «Таза Қазақстан» жобасы аясында құрылыс нысандары бойынша рейдтік іс-шара өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Рейдті Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Полиция департаменті және аудандық әкімдіктермен бірлесіп ұйымдастырды.
Басты мақсат – қалалық ортада тәртіп орнату, рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің алдын алу және барлық ұйымның ҚР Экологиялық кодексі талаптарын сақтауын қамтамасыз ету.
Тексеру барысында бірқатар құрылыс нысаны, оның ішінде салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің аумағы қаралып, кейбірінде заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, құрылыс жұмыстары кезінде бетон қалдықтарын тыйым салынған орынға төгу, құрылыс көліктерінің доңғалақтарын жуатын құрал-жабдықтың болмауы, қоқысты рұқсат етілмеген жерге тастау фактілері тіркелді. Құрылыс нысандарының жауапты қызметкерлеріне айыппұл салынды.
Сондай-ақ кей компанияларда құрылыс қалдықтарын шығару бойынша келісімшарттың жоқ екені белгілі болды. Мұндай жағдайда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес мәселені шешу үшін уақыт беріледі, - деп атап өтті Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының өкілі.
Қабылданған шаралар заңсыз қоқыс үйінділерін азайтуға, бизнестің экологиялық мәдениетін арттыруға және жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс