12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстанада ауқымды күзгі «Таза Қазақстан» экологиялық айлығы өтіп жатыр. Бүгін, 3 қазанда елорданың барлық ауданында қала аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша іс-шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Экологиялық іс-шараларға елорда тұрғындары, жоғары оқу орындарының өкілдері, жастар мен волонтерлер белсенді қатысып жатыр.
Жұмыс саябақтар, гүлзарлар, тұрғын үйлердің аулалары, қоғамдық кеңістіктер мен ұйымдардың маңындағы аумақтарды қамтиды.
Қатысушылар аумақтарды тазалап, санитарлық жұмыс жүргізіп, қоқыс шығарады, абаттандырумен айналысып, жасыл желекке күтім жасап, ағаш отырғызуда.
Аулалар, қоғамдық кеңістіктер және тұрғындар көп жиналатын орындарды ретке келтіруге, сондай-ақ қаланың түрлі аумақтарында тазалықты сақтауға ерекше көңіл бөлініп жатыр.
Еске салайық, күзгі экологиялық айлық 12 қыркүйекте басталған. Қазір бұл жұмыс Астананың барлық ауданында жалғасып жатыр.
Экологиялық іс-шараларға қала тазалығына үлес қосқысы келген кез келген адам қатыса алады. Айлықтың мақсаты – елорданың санитарлық және экологиялық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың қала тазалығына деген жауапкершілігін арттыру.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер