Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстананың Нұра ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында ағаш отырғызу акциясы өтті. Шараға «Әділет» партиясының әйелдер қанаты бастамашы болып, оған аудан тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Еl.kz.
Акцияның негізгі мақсаты - аумақты көгалдандырумен қатар, қоршаған ортаға және ортақ қалалық кеңістікке жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова тұрғындардың экологиялық бастамаларға белсенді қатысып жатқанын атап өтті.
Мұндай бастамалардың негізгі идеясы - тек өз аулаңмен шектелмей, айналадағы ортаға да қамқорлықпен қарау. Бұл - баршамызға ортақ қаланың алдындағы жауапкершілік, - деді ол.
Акция аясында ауданда 400-ге жуық ағаш отырғызылды. Көгалдандыру жұмыстары Үркер тұрғын алабында да жүргізіледі. Өткен аптада аудан аумағында 800-ден астам ағаш отырғызылды. Осылайша, көгалдандыру жұмыстары ауданның әртүрлі аумақтарында жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Жалпы, 2026 жылы Нұра ауданында 8,5 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланып отыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді