Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЕлорда мектептерінде оқушылар үшін заманауи қоқыс жәшіктері орнатылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әртүрлі түстегі әйнекке, қағазға, пластикке, банкалар мен бөтелкелерге арналған бөлек жәшіктер балаларды тазалық сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға үйретпек.
Бұл бастама «Жасыл клуб» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр және қазіргі уақытта қаланың 20 мектебінде қолданысқа енгізілген. Жобаның мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген құндылықты көзқарасын қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша олардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Қоқыс жәшіктері алғаш рет №103 орта мектепте қойылған. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін олар әр сыныпқа және мектептің дәліздеріне орналастырылған.
Бұл – оқушыларды қоршаған ортаға қамқорлықпен және жауапкершілікпен қарауға үйретудің тамаша тәсілі. Қазіргі таңда балалар үйреніп жатыр, қоқыс жәшіктері лезде толып қалады, - дейді мектеп директоры Жанат Тұрысбекқызы.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Астана мектептерінде бірқатар бастама қолға алынған. Мұғалімдер мен оқушылар қоршаған ортаның тазалығына арналған түрлі жобаларда бірлесе жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта елорда мектептерінде жаңа жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова