Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстана қаласындағы №70 мектеп-лицейі «Таза Қазақстан» акциясы аясында жасыл бастамаларға белсенді үлес қосып келеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Астана қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінде бірқатар жүйелі жұмыс жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда, биыл мектеп аумағында 600 түп ағаш отырғызылып, жер асты суын тиімді пайдалануға арналған 2 ұңғыма орнатылды. Сонымен қатар, мектептің бүкіл аумағына тамшылатып суару жүйесі енгізіліп, көгалдандыру жұмысы жаңа сапалық деңгейге көтерілді.
Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген халық даналығын басшылыққа ала отырып, мектеп ұжымы мен оқушылар аула аумағын көркейтуге, табиғатпен үндестікте экологиялық тәрбиені нығайтуға ерекше мән беріп отыр. Әр сенбі сайын сенбілік өткізу дәстүрге айналған: оқушылар гүлдер мен ағаштарға күтім жасап, аумақты таза ұстауға белсене қатысып келеді, – дейді мектеп директоры Гүлжамал Пердебаевна.
Экологиялық тәрбиемен қатар, мектепте «Жасыл мектеп», «Табиғатты қорғау» секілді жобалар табысты жүзеге асырылып, ғылыми жобалар мен байқауларда жүлделі орындар иеленген оқушылар саны артып келеді.
Алдағы уақытта мектеп ұжымы суыққа төзімді гүлдер отырғызып, оларды зерттеуді, мектеп ауласында жылыжай орнатуды, мұғалімдерге арналған демалыс аллеясын салуды жоспарлап отыр, – дейді мектеп директоры.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова