Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАқтауда «Жылы жағажай» аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Біз адамбыз - біз біргеміз!» қоғамдық қоры сенбілік өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Іс-шараға қала тұрғындары мен еріктілерден құралған 50 адам қатысқан.
Ақтаудан 25 шақырым қашықтықтағы «Жылы жағажайда» тазалық жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде 3 тонна қоқыс шығарылды. Табиғатты қорғау — әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан мұндай сенбіліктер арқылы біз қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен жауапкершілікті арттыруды мақсат етеміз, - деді «Біз адамбыз - біз біргеміз!» қоғамдық қорының директоры Иманғазы Досмұхамбетов.
Сенбілікке белсене қатысқан ерікті Любовь Захарчук осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылғанын қолдайтынын айтты.
Қалада тазалық сақтау - әр адамның ішкі мәдениетінің көрінісі деп ойлаймын. Бәрі өзінен бастаса, айналамыз да өзгереді. Бүгін табиғат тазалығына үлес қостым. Осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылғанын қолдаймын, - деді Любовь Захарчук.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс