Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАқтауда ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тазалық іс-шарасына 120 әскери қызметші қатысып, «Солдат жағажайы» аумағы мен Ақтау теңіз сауда порты маңындағы 15 шақырымнан астам жағалау сызығын қоқыстан тазартқан. Акция барысында шекара сақшылары 2 тоннадан астам қоқыс жинағаны мәлім болды.
Бұл акцияның мақсаты – табиғатты сақтау, қоғамның назарын экология мәселелеріне аудару, өңірімізді барынша таза әрі жайлы ету, сондай-ақ әскери қызметшілер мен тұрғындарда экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау сезімін қалыптастыру, - деді департаменттің тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің аға кеңесшісі, подполковник Дархан Дарменбеков.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?