26 Маусым, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде Ақтау қаласының 4А шағын ауданындағы «Ақбота» саябағында санитарлық тазалық пен көгалдандыру жұмыстары жүргізіле бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала әкімдігіне қарасты мердігер мекеменің 60-қа жуық қызметкері күнделікті кестеге сәйкес аумақты қоқыстан тазалап, жасыл желектерді суарып, саябақты күтіп ұстау жұмыстарын атқаруда.
Дегенмен, саябақ маңында орналасқан кейбір жеке кәсіпкерлер тарапынан қоқыс тастау және тазалық талаптарын сақтамау деректері жиі тіркеліп отыр. Әкімдік мұндай әрекеттер саябақтың жалпы келбетіне зиян келтіретінін атап өтіп, кәсіпкерлерді өз аумағын таза ұстауға және ортақ демалыс орнын таза ұстауға шақырады.
Ақбота саябағындағы жеке кәсіпкерлер саябақ тазалығына бей-жәй қарамай, кәсіпкерлік нысандарының аумағындағы жерді абаттандыру, безендіру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу қажет. Демалыс аймағының келбетін бірге сақтайық, - деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы Жантілек Асхатов.
26 Маусым, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?26 Маусым, 12:33
Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседі25 Маусым, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер