Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтау қаласында көктемгі санитарлық тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жарияланған екі айлық сенбілік шеңберіндегі тазалық шаралары қала аумағында әр апта сайын қарқынды ұйымдастырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі сенбілік қаланың 35-шағын ауданында өтті. Шараға Ақтау қаласы әкімдігінің 100-ге жуық мемлекеттік қызметкері белсене қатысып, қаланың тазалығына өз үлестерін қосты. Сенбілікке 5 арнайы техника жұмылдырылып, қоқыс жинау және шығару жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.
Қазіргі уақытта санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі әрі қарқынды жүргізілуде. Басты мақсатымыз – қала тұрғындары үшін таза, қолайлы және жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру. Сонымен қатар, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға қоғам назарын аудару да аса маңызды, – деді Айдар Бисенов.
Сенбілік нәтижесінде 5 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналып, тиісті орындарға жеткізілді. Айта кетейік тазалық шарасы алдағы уақытта өзге де шағын аудандарда кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?