2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрБүкілқазақстандық орман отырғызу күні эко-марафонның аяқталуы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, тақырыптық апта 21 сәуірде "Таза Қазақстан" бастамасын іске асырудың бірінші жылының қорытындыларына арналған экофестивальден басталды.
Биылғы жылы көгалдандыру "Ерлікке тағзым" тақырыбында өтіп, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылды. Іс-шараға министрліктің 120-дан астам қызметкері қатысты. Олар “Жасыл аймақ”кәсіпорнының Қызылжар орманшылығының аумағында 2000-ға жуық қарапайым қарағай көшеттерін отырғызды.
Айта кетейік, эстафетаны еліміздің басқа өңірлері де қабылдады. Апта бойы "Таза Қазақстан" аясында қалалар мен ауылдарда 200-ге жуық түрлі экологиялық іс-шаралар өтті. Соның ішінде "Таза аймақ", "Таза су айдындары", "Киелі мекен", "Мөлдір бұлақ" сынды аумақтарын жинау және көшет отырғызу бойынша "Түлектердің ағаш егуі", "Болашақты бірге отырғызамыз" және т. б. акциялары.
Айта кету керек, бүгін де елімізде ағаш отырғызу бойынша акциялар ғана емес, жалпы республикалық сенбіліктер де өтіп жатыр. Аумақтарды тазалауға бүкіл ел бойынша мемлекеттік қызметкерлер, қала тұрғындары, кәсіпкерлер мен еріктілер шықты. Күш біріктіру нәтижесінде шамамен 16 мың тонна қоқыс жиналды.
Экологиялық бастамаларға қатысқаны үшін баршаңызға алғыс айта отырып, “Таза Қазақстан" әрқайсымыздан басталатынын еске саламыз!
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова