Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыАлматыда су басудың алдын алуға және қаладағы су бұруды жақсартуға бағытталған арық желісін ауқымды жаңғырту жалғасуда. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, биыл әкім Ерболат Досаевтың бастамасымен қаланың әртүрлі учаскелерінде жұмыстар аяқталды: Алматының шығыс бөлігінде 15 көшеде 7,4 км арық желісі қайта жаңартылды, орталық бөлігінде 67 көшеде ұзындығы 30,1 км арықтар мен нөсер кәрізі жаңартылды, батыс бөлігінде (Алатау, Наурызбай және Әуезов аудандарында) 20,5 км арықтар салынды. Шаралар гидрологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған, әсіресе су басу қаупі жоғары аймақтарда.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда қыс мезгілі қарсаңында «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында көше-жол желісін, қоғамдық орындарды, өзен арналарын, көше урналарын және арық желісін ауқымды тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді