23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында қаладағы ірі құрылыс компанияларының қатысуымен ауқымды сенбілік өтті.
Құрылыс ұйымдарының жүздеген қызметкері бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарына шықты. Олардың қатарында құрылыс алаңдары, іргелес аумақтар және қоғамдық кеңістіктер қамтылды.
Сенбілік барысында құрылыс нысандарындағы санитарлық талаптардың сақталуына, қоршау мен қойма аймақтарын, сондай-ақ іргелес көшелерді ретке келтіруге ерекше назар аударылды.
Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде арықтар мен тротуарлар тазартылып, қоқыс шығарылды, аумақтарды көріктендіру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Құрылыс саласының өкілдері экологиялық бастамаларды қолдау әрбір азаматтың әлеуметтік жауапкершілігінің ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Мұндай іс-шараларға қатысу тазалық мәдениетін қалыптастырып, қалалық ортаның сапасын арттыруға ықпал етеді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады