Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы аяқталды. Республика бойынша шараға акциясына 1 млн-нан астам адам қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, «Жасыл аймақ» апталығы аясында бүкіл ел бойынша 330 мыңнан астам көшет отырғызылып, 500-ден астам саябақ мен алаң абаттандырылды.
Астанада Мемлекет басшысы волонтерлер, жастар ұйымдарының көшбасшылары, креативті индустрия және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен бірге ағаш отырғызды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында 8-27 сәуір аралығында аймақтарда 5 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, оған 1 млн-нан астам адам қатысты. Ал 29 сәуір мен 4 мамыр аралығында қарттар үйі, ардагерлер, жұмыс барысында қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы тұратын үйлер аумағын абаттандыруға бағытталған «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы жоспарлануда.
Іс-шаралар Жамбыл облысында – 29 сәуірге, Алматыда – 30 сәуірге, Ақтөбе облысында – 1 мамырға, Шымкентте – 2 мамырға, Қостанай облысында – 3 мамырға, Түркістан облысында және басқа өңірлерде – 4 мамырға жоспарланған.
Жастар ресурстық орталықтары, ұйымдар, волонтерлік қоғамдастықтар акция шеңберінде өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?