Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКезекті «Таза бейсенбі» акциясын Шемонаиха ауданының Выдриха ауылының тұрғындары жалғастырды. Тазалық акциясына 50-ге жуық адам қатысып, «Уба» шипажайының аумағын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Таза бейсенбі» акциясына қатысушылар «Уба» шипажайының маңындағы «Денсаулық жолы» атты қыдырыс алаңын ағаш қалдықтары мен қоқыстан тазартты.
Біз «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы аясында Выхдриха ауылының «Уба» шипажайы айналасына абаттандыру, тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Акцияға шипажай қызметкерлері, Выдриха ауылының тұрғындары қатысуда. «Денсаулық жолы» аумағын тазарту жұмыстары акция аяқталғаннан кейін де жалғасын табатын болады. Болашақ ұрпаққа айтарымыз жерімізді таза ұстап, елімізді көркейту солардың қолында екенін ұмытпаса екен. Осындай акциялар жалғаса берсін, - дейді «Уба» шипажайының директоры Айжан Мұхамадиева.
Шемонаиха аудандық мәслихатының депутаты Инна Захарованың айтуынша, «AMANAT» партиясының қолдауымен бастау алған «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы түгел жұрттың басын қосып, тазалық жолында жұдырықтай жұмылдырған. Осылай олардың әрқайсысы табиғаттың тазалығына үлкен үлес қосып келеді.
Біз «Уба» шипажайы аумағындағы ағаштардың сынығын, яғни, қалдықтарын кесіп, абаттандыру жұмыстарын жүргізе отырып, аталған аумақты қоқыстан тазарту үстіндеміз. Барша азаматтарды осы акцияға қатысуға шақырамын, - дейді Выдриха ауылының тұрғыны Мади Қанатұлы.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді