Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Іс-шара облыстың бүкіл ауданында және қаланың Орталық саябағындағы Тутұғыр аумағында, «Ғашықтар» аллеясында, Триатлон саябағының аумағында және т.б орындарда өтті.
Сенбілікке өңір басшысы Асхат Шахаровпен бірге қала әкімі Азамат Бекет, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, «Жасыл ел» еңбек жасақтары атсалысты.
Асхат Шахаров жасылелдік сарбаздармен әңгімелесу барысында табиғатты аялау маңызды екенін, бұл жұмыстарға жастардың қосар үлесі зор екенін атап өтті. 70-тен аса жас «Ғашықтар аллеясындағы» тротуарларды сыпырып, қураған шөптерді жинады.
Сонымен қатар, облыс әкімі Триатлон саябағы аумағын қоқыстан тазартқан бір топ белсендінің қатарына қосылды. Жасыл желектер өсіп тұрған аумақ арамшөптерге, құрғақ шөптерге толып қалған. Бұл орынды 100-ге жуық адам тазалады.
Бүгінгі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікте 120 тоннадан аса қоқыс жиналды. Оның бәрін қалалық полигон тегін қабылдайды.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік