13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз"Таза Қазақстан" акциясы аясында 48 мыңнан астам құқық бұзушы жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz. Елордада санитарлық жағдайды жақсартуға бағытталған "Таза Қазақстан" акциясы қарқынды түрде жалғасуда. Астана қаласы полиция департаменті ұйымдастырған бұл бастама аясында қоғамдық орындар мен қала аумағының тазалығына бақылау күшейтілді. Іс-шара басталғалы бері қоқысты заңсыз төгу, ортақ пайдаланылатын аумақтарды ластау және абаттандыру қағидаларын бұзу деректері бойынша 48 мыңнан астам адам жауапқа тартылды. Мәселен, Ш.Айтматов көшесінің бойындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің құрылыс алаңына жақын маңда бетон қалдықтарын рұқсатсыз төгу фактісі тіркеліп, мердігер ұйымға қатысты іс қозғалды. Тәртіп сақшылары күн сайын рұқсат етілмеген орындарда рейдтік шаралар өткізіп, қоқыс пен кәріз қалдықтарын заңсыз төгетіндерді анықтауда. Қазіргі таңда 590 жүк және ассенизатор көлігінің жүргізушісі тәртіп бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Астана қаласының полиция департаменті қала тұрғындарын табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және заң талаптарын сақтауға шақырады. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/taza-qazaqstan-aktsiyasy-ayasynda-48-myngnan-astam-quqyq-buzushy-zhauapqa-tartyldy/
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды