Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылауға бағытталған кезекті рейд ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – заңсыз қоқыс орындарының алдын алып, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.
– «Таза Қазақстан» акциясы аясында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрақты түрде рейд жүргізіп келеді. Біздің мақсатымыз – тек құқық бұзушылықтарды анықтау емес, тұрғындардың табиғатқа жанашырлықпен қарауына ықпал ету. Әр азамат тазалықты сақтауға үлес қосса, өңіріміз де таза, жайлы әрі көрікті болады, – деді Абай облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мейрбек Нүрекенов.
Жыл басынан бері облыста абаттандыру қағидаларын бұзудың 6 767 дерегі тіркелді. Сонымен қатар 45 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, оның 30-ы жойылды.
Рейд барысында Абай облысының жастары қала тұрғындарына тазалықты сақтау жөніндегі ақпараттық парақшалар таратып, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырды. Мұндай жұмыстар өңірде алдағы уақытта да жалғасады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді