30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Парктер шеруі» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Акция барысында қатысушылар – жас өлкетанушылар мен «Жасыл клуб» мүшелері – орталық аумағында 80 түп ағаш отырғызды.
Іс-шараға №27 жалпы орта мектебінің «Жас өлкетанушылар» тобы, №16 Т.Аманов атындағы мектептің «Амановшылар» жасағы, №28 жалпы орта мектебінің «Курс» жасағы, №29 «Пальмира» мектебінің «Пальмира» жасағы, Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты, Облыстық балалар биологиялық орталығының «Жас зерттеушілер» тобы атсалысты.
Сондай-ақ Абай облысы білім басқармасының өкілдері, «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары, «Прииртышье» өлкетану қоғамының жетекшісі, Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінің биолог мамандары және «Абай жастары» жастар ресурстық орталығының директоры қатысты.
Акция жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу және туған өлкені сүюге баулу мақсатында өткізілді. Шара «Таза Қазақстан» бағдарламасын өңір деңгейінде қолдаудың жарқын үлгісіне айналды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды