13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАбай облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең көлемді тазалық шаралары өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Соның аясында Шүлбі кентінде және Бесқарағай ауданының Шипалы көлі маңында «Таза жағалау» атты экологиялық акция ұйымдастырылған. Акцияға жастар ұйымдары, еріктілер мен белсенді тұрғындар қатысты. Қатысушыларға арнайы қолғаптар мен қаптар таратылып, қалдықтарды сұрыптады.
Өзен-көл жағалауларынан тұрмыстық қалдықтар мен пластиктер жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Сонымен қатар, экологиялық тақырыптағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, табиғатты қорғауға бағытталған жадынамалар мен парақшалар таратылды.
Бұл тек бір реттік тазалық шарасы емес. «Таза Қазақстан» бағдарламасы – тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаға деген көзқарасты өзгертуді көздейді. Біз табиғатты тұтынушы ретінде емес, оның бір бөлшегі ретінде қабылдауымыз керек. Әр азаматтың үлесі – ортақ игілікке бағытталған нақты әрекет. Жастардың белсенділігі мен тұрғындардың қолдауы бізді қуантады. Бұл – еліміздің ертеңі үшін жасалған жарқын қадам, – деді Ерсінбек Өрлеубек.
Шүлбі кентімен қатар, Бесқарағай ауданындағы Шипалы көл жағалауында да белсенді тазалық жұмыстары жүргізілді. Жергілікті тұрғындар мен еріктілер өз күштерімен көл жағалауын қоқыстан тазартып, экологиялық ахуалды жақсартуға өз үлестерін қосты.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды