Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАбай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы жалғасып жатыр. Жастар қоршаған ортаның тазалығына ғана емес, көмекке мұқтаждарға да назар аударады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды облыстық әкімдігінің мәліметінше, Абай қаласының Вольный кентінде жануарларға арналған баспана бар. Оны жергілікті тұрғындар ұйымдастырған.
Баспанасыз жануарларға AbayTeam еріктілері көмекке келді. Олар «Жақсылық жолындағы тазалық» акциясын өткізіп, қайта өңдеуге өткізілетін қайталама шикізатты жинауды ұйымдастырып, түскен қаражатқа жануарларға азық сатып алады.
Еріктілер корпусының белсендісі Ержан Рахметовтің пікірінше, бұл акция үш есе нәтиже беретінін айтады. Біріншіден, қайталама шикізатты өткізетін адамдар қоршаған ортаны таза етеді, өйткені қораптар, газеттер, пластик – бұл қоқыс. Екіншіден, қағаз өңдеу жасыл желектердің өмірін сақтап қалады, бұл экологияны сақтауға септігін тигізеді. Үшіншіден, әсіресе жылдың суық мезгілінде оған өте мұқтаж жануарларға көмек көрсету, - делінген мәліметте.
Акцияға оқушылар белсенді қатысуда. Бұл балаларды мейірімділікке тәрбиелеуге ықпал етеді, сондай-ақ экологиялық мәдениетке үйретеді.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс