30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҮкімет отырысында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясындағы азаматтық белсенділік туралы айтты. Қоршаған ортаны қорғауға жұртшылықты тартуға ерекше назар аударылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрдің айтуынша, «Қоғамдық эко-бақылау» акциясына қоғамдық кеңестердің 4 мыңға жуық мүшесі қатысты. Бастама шеңберінде тарихи-мәдени мұра және туризм нысандарына мониторинг жүргізілді, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы абаттандыру мен қызметке қоғамдық бақылау ұйымдастырылды. Сонымен қатар 3 мыңнан астам адам әлеуметтік желілердегі «10 экологиялық әдет» еріктілердің эко-челленджіне қосылды.
Сондай-ақ «Таза жағалаулар» ауқымды эко-марафоны аясында бүкіл еліміз бойынша 80-нен астам іс-шара өткізілді.
Жастарға ерекше көңіл бөлінуде. 21 сәуірде Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясының белсенді қатысушыларына алғыс хаттар табыс етті. 2025 жылы 35 мыңнан астам жасты маусымдық жұмыспен қамту жоспарлануда. Ал 2026 жылдан бастап инженерлік-техникалық, аграрлық, құрылыс және педагогикалық бағыттағы жастардың еңбек жасақтарының желісі кеңейтілетін болады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды