Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҰлттық қауіпсіздік комитеті Каспий акваториясы арқылы Таяу Шығыс өңірінен есірткі заттарын Қазақстанға контрабандалау арнасының жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
3 қыркүйекте Маңғыстау облысында есірткі мәмілесін жасау барысында адамдар тобы ұсталды, олардың қатарында мемлекеттік шекарадан шағын өлшемді жүрдек катерлермен заңсыз өткен шетел азаматтары да бар. Олардан 15 кг апиын, 20 кг гашиш, 50 қорап «трамадол» апиынды анальгетигі, сондай-ақ навигация және техникалық байланыс құралдары тәркіленді, - делінген ведомство хабарламасында.
Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?